{metadescription}
Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.

Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды. Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған. 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Қазіргі таңдааталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде