42 500 теңге: төлем SMS алғандардың бәріне беріле ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемді алушылар тізіміне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.
16:56 05.04.2020
Сенбі, 4 сәуір күні көптеген қазақстандықтар 42 500 теңге алуына болаыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын. Бұл хабарлама eGov базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келген жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа еөзгеріс енгізді.
Тізімде кімдер жоқ
Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалар.
Өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер.
Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.
Мүгедектер мен тұрмысы төмен тұрғындарға көрсетілетін көмек
I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді.
Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады.
Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш - 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК.
Бұл туралы астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Сәуле Нұрғожина.
Әлеуметтік төлемді кімдер алады:
- шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
- жеке практикамен айналысатын адамдар;
- бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
- міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;
- қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
- карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!