Қазақстанда психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылды
16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты көптеген қалалар карантинге жабылды.
09:23 06.04.2020
Коронавирус індетіне қарсы күресте азаматтарды қолдау мақсатында психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Интернет-ресурста алдын ала өтінім беру арқылы психологтар мен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сайт бетінен азаматтар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап табады", – дейді Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штаб мамандары.
Өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланысады. Психологиялық көмек көрсететін сайт – covid-19.mentalcenter.kz деп аталады.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!