{metadescription}
42 500 теңге алу үшін өтінім беретін бот іске қосылды

42 500 теңге алу үшін өтінім беретін бот іске қосылды

Қазақстанда 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік пен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты. Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өту керек. 

Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:

"Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;

Өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу;

Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

Өз өтінішіңізді растау.

Бұдан кейін сізге келесі мынадай хабарламалар келеді:

сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;

сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;

сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

"Қызметкер" батырмасын басу;

Өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу;

Сіз жұмыс істейтін ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірін енгізу;

Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;

Телефоныңыздың нөмірін енгізу;

Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);

Өз өтінішіңізді растау.

Бұдан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдарға келгендей хабарламалар түседі. Өтінімді қарау және әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде