Е-Polisia KZ қосымшасы Алматы ішінде кімге жүруге рұқсат екенін анықтауға көмектеседі
Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді.
11:35 08.04.2020
Қосымшаның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірін теру арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды. Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді. Сондай-ақ, аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қосымшада бақылау-өткізу бекетінен өту ережелері жазылған бөлім бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!