Нұр-Сұлтанда үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды
Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, 10 науқас Ақмола облысының тұрғыны.
14:04 08.04.2020
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған бес адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары.
"Сонымен қатар, бес науқастың жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - деді Қисықова.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 222 адамның басым бөлігі науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, яғни ешқайда шықпай, ауырып қалған. Сырттан келгендердің саны 12 процентті ғана құрады. Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 700-ден асты
"Жалпы, 222 науқаспен қарым-қатынаста болған 2 167 адам анықталды. Орташа есеппен бір науқасқа 10 адамнан келеді. Олардың бәрін оқшаулап, тексеріп шықтық", - деп түйіндеді Қисықова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!