Қайтыс болған жетінші адамның коронавирусты кімнен жұқтырғаны анықталды
Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған адам ауруды қарттар үйі қызметкерінен жұқтырған.
15:40 08.04.2020
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"6 сәуір күні өмірден озған Целиноград ауданының 1929 жылғы тұрғыны бұған дейін қаза тапқан 1947 жылғы тұрғынмен байланыста болғандар қатарынан. Жалпы, 216 адам байланысты болған. Науқастан коронавирус инфекциясы диагнозы 7 сәуірде жасалған өлікті сою нәтижесінде анықталды", - деді басқарма басшысы.
Науқас артериалды гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия, Паркинсон синдромы, жүрек ауруы, созылмалы бронхит және стенокардия сырқаттары бойынша есепте тұрған.
Айта кетсек, Қазақстанда індеттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті. Үш адам Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Түркістан облыстарында бір адамнан. Барлығы 709 адамда коронавирус анықталды. 53 адам жазылып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!