{metadescription}
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтты.

Нарматовтың айтуынша, 2020 жылдың  1 сәуіріне дейін тағайындалған зейнетақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға өседі. Алматы қаласында ​​зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны (мүгедектігі бар баланы, асыраушысынан айрылу, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары үшін) - 589 177 адам, олардың 230 мыңы - зейнет жасына толғандар. Бүгінгі күні барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы жылдық есеппен 10% -ға көтеріледі. Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.

"Зейнеткерлерге мемлекеттік орталыққа зейнетақы алу үшін барудың қажеті жоқ, барлығы автомат түрде жүргізіледі. Көбейтілген зейнетақы мамырда беріледі, сондай-ақ, мамырда сәуірде қосылған зейнетақы беріледі", - деді Нарматов.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың көлемін жылдық есеппен 10% индекстеу туралы тапсырмасы болғанын еске саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде