Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 718-ге жетті
Қазақстандағы 2020 жылғы 8 сəуір сағат 21:15-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы.
21:15 08.04.2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 адам тіркелді, оның ішінде, Нұр-Сұлтан қ. – 1, Шымкент қ. – 3, Қызылорда облысында – 4, Түркістан облысында – 1. Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 718 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 23 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 76 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!