Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады
Елімізде айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуіне байланысты бірқатар құжаттың бағасы қымбаттады.
14:42 09.04.2020
Қазақстанда бірінші сәуірден бастап бұған дейін 2 651 теңгеге тең болған айлық есептік көрсеткіш 2 778 теңге мөлшерінде бекітілді. Осындай өзгеріске байланысты құжаттарды ресімдеу бағасы да қымбаттады. АЕК салық түрлері мен мемлекеттік баж секілді төлемдер, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады.
Құжаттардың бағасы қалай өзгерді
Паспорт алу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК немесе 22 224 теңге
Жеке куәлік бағасы – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге
Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге
Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі
Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК, яғни 1 389 теңге.
Некені тіркеу – 1 АЕК немесе – 2 778 теңге. Неке туралы куәлікті қайта беру – 1 389 теңге
Ажырасуға арыз берген кезде мемлекеттік баж құны – 2 АЕК немесе 5 556 теңге.
Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты карантин режимі енгізілмеген аймақтарда ғана қазір неке қиюға немесе ажырасуға өтініш беруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram