Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 840 болды
Қазақстандағы 2020 жылғы 11 сəуір сағат 10:00-дегі коронавирус инфекциясы бойынша 28 адам тіркелді.
10:01 11.04.2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 28 адам тіркелді, олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 1, Алматы қ. – 5, Атырау облысы – 11, Қызылорда облысы – 11. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 840 адам анықталды. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!