Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды
"Абди Ибрагим Глобал Фарм" компаниясының бас директоры Зиятхан Гасанов көз жұмды.
11:23 11.04.2020
"Ол алғашқылардың бірі болып, қазақстандықтар мен медицина қызметкерлеріне коронавируспен күресуге көмектесті. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің құрбаны болды", - делінген жедел штабтың Telegram-каналында.
10 сәуір кешке Алматыда тағы бір адамның өлімі тіркелді. Коронавирустан 1963 жылы туған ер адам көз жұмды. Бұл Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болған оныншы адам.
"Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, COVID-19 вирусымен күресте өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді", - дейді комитеттегілер.
"Абди Ибрахим Глобал Фарм" – Қазақстан мен Түркияның бірлескен кәсіпорны. Компания иелегіне Алматы облысындағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт кіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!