Алматыда коронавирус анықталған 2 адамның жағдайы ауыр
11 сәуір таңертең Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 жаңа жағдай тіркелді.
12:04 11.04.2020
Қалада коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты жалпы 128 оқиға тіркелген. 5 жаңа жағдай бұған дейін COVID-19 жұқтырған жергілікті науқастармен байланыста болған адамдардан анықталды.
Олардың екеуі – әйел, үшеуі –ер адам. Екі ер адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланды. Қалған пациенттердің жағдайы – қанағаттанарлық. Олармен байланыста болған барлық адам іздестірілуде, карантинге жатқызылады.
Бүгінде инфекциялық стационарда КВИ-мен ауырған 99 адам (1 облыстан) жатыр. Оның ішінде 4 бала бар. 71 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 7-уі - ауыр, 21 пациенттің жағдайы – орташа ауыр (біреуі облыстан). Коронавирус инфекциясынан 28 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. 2 науқас көз жұмды. Мегаполистің уақытша орталықтарында 138 адам бар, олардың 9-ы – бала, 368-і – карантиндік оқшаулауда, 5 334 адам – үй карантинінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!