Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен азамат ұсталды
Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен ер адам жауапқа тартылды.
16:29 11.04.2020
Бұзақының бұл әрекеті “Алатау сити” тұрғын үйіндегі лифтіде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция оның кім екенін анықтады.
"Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.
Ер адам бұл ісіне өкініп, халықтан кешірім сұрады.
"Ашулы күйде лифт түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А. есімді тұрғын.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!