{metadescription}
Коронавирус: Алматыда ауыр халде жатқан екі науқастың жағдайы жақсарды

Коронавирус: Алматыда ауыр халде жатқан екі науқастың жағдайы жақсарды

Алматыда коронавирус инфекциясы салдарынан ауыр халде жатқан екі науқастың жағдайы жақсарды.

Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екі науқастың бірі 46 жастағы әйел. Тексеру кезінде одан 3 наурызда СOVID-19 инфекциясы расталды. Науқас ауруханаға екі жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алу жетіспеушілігінің ауыр ағымы диагнозымен түсті. Екінші пациент 1955 жылы туған. Дәл сол белгілермен жеткізілді.

Жансақтау бөлімінде екеуіне де короновирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы терапия жүргізілді. Сонымен қатар, оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖЖ, кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және т.б емдеу шаралары жүргізілді.

«Емделу кезінде өздерін жақсы сезінгені, ентігу мен әлсіздіктің азаюы сияқты оң өзгерістермен пациенттер палатаға ауыстырылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі уақытта қаладағы инфекциялық стационарда 99 адам бар. 70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, жеті адамның жағдайы ауыр, 22 пациентте (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесі байқалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.