КТК телеарнасының Атырау қаласында ұсталған журналистерге қатысты ресми мәлімдемесі
2020 жылдың 11 сәуірінде КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшілер қосынының түсірілім тобы жергілікті облыстық ауруханадағы оқиға туралы репортаж түсіруге аттанды.
14:48 12.04.2020
Медициналық мекеме қызметкерлері – дәрігерлер мен медбикелердің мәлімдеуінше, оларды Махамбет ауданындағы туберкулезден емдейтін бұрынғы диспансердің ғимаратына карантинге жібермек болған. Дәрігерлер өз басшылығынан мардымды жауап ала алмаған соң, республикалық телеарнаның эфирі арқылы қордаланған мәселелер мен түйткілдерді айтуға бекінген.
Оқиға орнына жеткен КТК арнасының меншікті тілшісі Бекен Әлирахымов пен телеоператор Манас Шәріпов бір топ медицина қызметкері жиналған аурухана ауласына еш кедергісіз кірді. Журналистердің медициналық мекеменің аумағына өтуінесол жерде тұрған бірде-бір күзет, ішкі істер органдарының қызметкерлері кедергі жасамаған. Сондай-ақ, аурухана ауласының жабық карантиндік аймақ екенін айғақтайтын ешбір қоршау, ескерту белгілері болмаған.
Айта кету керек, КТК журналистерінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға қажетті журналистік куәлігі, жұмыс орнынан берілген анықтама және ТЖ режимі кезеңіндегі редакция тапсырмасы болған.
Дәрігерлермен оқиға туралы сұхбат жазылғаннан кейінсол жерге тағы бір полиция жасағы келеді. Дәрігерлер мен медбикелерді манадан бері сыртынан бақылап тұрған басқа әріптестері сияқты емес, учаскелік инспекторлар журналистерге шүйлігеді. Олар «КТК қызметкерлері карантиндік аймаққа заңсыз кірді, сондықтан түсініктеме беру үшін полиция департаментіне баруы тиіс» деп мәлімдейді. КТК қызметкерлері полицейлердің талабын мүлтіксіз орындады. Ал дәрігерлер мен медбикелер бұған қатты ашуланып, полиция қызметкерлерінен түсініктеме талап етеді.
Полиция бөлімшесінде КТК қызметкерлері заңға қажет түсініктемені жазбаша түрде толық береді. Осыдан кейін олар карантинге жіберілген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар тыйым салынған аумақта болып, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеген дәрігерлермен байланыста болған.
Содан кейін Атырау облысындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб БАҚ-қа хабарлама таратады. Хабарламада, атап айтқанда, "БАҚ өкілдері карантин аймағына заңсыз басып кірді...", "Журналист пен телеоператорға қатысты ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша"Төтенше жағдайлар режимін бұзу"әкімшілік материалы жасалды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұлғалар ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 30 қаулысының 31-ші тармағын бұзды. Құжат карантиндік нысан деп белгіленген медициналық мекемелерде фото- жәнебейнетүсірілім жасауға тыйым салады" делінген.
ТЖ режимін сақтауды және COVID-19 кеселіне қарсы күресті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін дәрігерлерге, полицейлерге, мемлекеттік қызметкерлердің иығынатүскен ауыр жүк пен қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, КТК телеарнасы Атырау облыстық аурухана басшылығына, Атырау облысы әкімдігінің өкілдеріне, ПД басшылығына принциптік сипаттағы бірнеше сауалқоюды қажет деп есептейді:
1. Облыстық аурухана дәрігерлері мен медбикелеріне карантинге көшіру туралы барлық қажетті ақпарат неге берілмеген? Неліктен олар түсініктемені талап ету үшін аурухана ауласына жиналып, бұл мәселеге республикалық БАҚ қызметкерлерін тартуға мәжбүр болды?
2. Облыстық аурухана аумағында тыйым салынған карантиндік аумаққа кіруді шектеу бойынша тиісті шаралар неге қабылданбаған? Бұл аумақ нақты қай жерде белгіленген?
3. Облыстық аурухана басшылығы өз қызметкерлерімен, дәрігерлер мен медбикелердің бір бөлігін карантинге оқшаулау жөнінде қандай да бір түсіндіру жұмысын жүргізді ме?
4. Белгілі болғандай, КТК қызметкерлерін ұстаған және оларға қатысты хаттама толтырған ПД қызметкерлері карантинге жіберілді. Онда оқиғабарысын бақылап тұрған ішкі істер органдарының өзге де қызметкерлерініңде оқшаулануына қатысты мынадай орынды сұрақ туындайды. Бұл шара оларға қолданылды ма?
5. Медицина қызметкерлерінің бір бөлігін карантинге оқшаулау туралы шешім қандай қағидаға сүйеніп қабылданды? Бұлардың қатарына COVID-19 науқастарымен тікелей қарым-қатынаста болған дәрігерлер мен медбикелер ғана кірді ме? Олармен бірге жұмыс істеген басқа әріптестерінің жағдайы қалай болмақ?
6. 2020 жылы 11 сәуір күні Атырау облыстық ауруханасы ауласында болғандардың барлығы карантинге жіберілді ме?
7. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб басшылығы карантиндік нысандар деп белгілеген медициналық мекемелерде фото - және бейне түсірілімге тыйым салатын бас санитарлық дәрігердің қаулысынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында БАҚ өкілдерінің еркін қызметіне кепілдік беретін және журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін Конституция мен БАҚ туралы Заңды біле ме?
КТК телеарнасының редакциясы еліміздегі ақ халатты абзал жандарға зор ризашылығын білдіреді. Бұл күндері дәрігерлер басын қауіп-қатерге тігіп, күні-түні қажырлы еңбек етіп, төзімділік пен кәсіби ерліктің үлгісін көрсетіп жүр. Біз, БАҚ қызметкерлері, өз тарапымыздан дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлері, сондай-ақ алғы шептегібарлық мекемелерге қатыстытүйткілдер мен қиындықтар туралы жан-жақты әрі толыққанды мағлұмат беруді өзіміздіңкәсіби борышымыз деп санаймыз.
Төтенше жағдай кезінде Атыраудағы медицина мекемесінде ТЖ режимі кезінде болғаноқиғадан толық хабардар болу үшін 11 сәуір күні облыстық аурухана ауласында куәгерлер түсірген бейнематериалдарға, сондай-ақ, әріптестеріміздің ақпараттық материалдарына сілтеме берген жөн деп білеміз.
КТК телеарнасының редакциясы
«КТК» журналистерін полиция алып кетті, ал аурухана қызметкерлері өз жанайқайын жеткізіп үлгермеді - "Ақ Жайық" газеті.
Видео авторы: "Ақ Жайық" газеті
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!