{metadescription}
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті

Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адамға жетті.

Қазақстанда тағы бес адам коронавирус індетінін сауығып шықты.

"Нұр-Сұлтан қаласында 3 науқас, Атырау қаласында 2 науқас сауығып, ауруханадан шықты", - делінген хабарламада. 

Сонымен, Қазақстанда коронавирус індетінен емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті: Нұр-Сұлтанда – 37, Алматы қаласында – 37, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1 Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау қаласында - 2.

Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адам болды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 238 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 11 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 8 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам.

Бұл дерттен Қазақстанда 10 адам көз жұмды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде