Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қолды жиі жуу мен антисептик қолданудың қауіпі белгілі болды
Дерматологтар қолды сабынмен жиі жуу және антисептиктерді қолдану салдарынан терінің қатты құрғап кету қауіпі бар екенін ескертеді.
17:32 12.04.2020
Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты В.А. Рахманов атындағы тері және жыныстық жолмен берілетін аурулар кафедрасының доценті Людмила Смирнова айтты. Оның айтуынша, қолды зарарсыздандыру мақсатында антисептктерді күніне екі реттен көп емес қолданған жөн. Сонымен қатар, дезинфекциялық препараттарды тек қоғамдық орындарда жүрген адамдарға қолдану ұсынылады.
Дәрігер сонымен қатар әрбір бес минут сайын қол жууға болмайтынын айтты. Оның айтуынша, қолды күніне алты реттен көп жууға болмайды. Өз кезегінде, косметолог Галина Каштанова вирусты хлоргексидин сияқты құрамында хлоры бар заттармен күресу кезінде тері шалдығуы мүмкін проблемаларға тоқталды. Сонымен қатар ол қорғайтын кремдерді қолдану қажеттілігі туралы да айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолды жиі жуып, коронавирусқа қарсы құрамында спирті бар антисептикпен зарарсыздандыруды ұсынды.
«Сабын вирустарды жояды. Егер қолыңызды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирті бар немесе дезинфекциялық майлықтарды қолданыңыз », - дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары