Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды.
23:04 12.04.2020
Рұқсат тек қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады. Ал Нұр-Султанда 13 сәуір күні Төтенше жағлайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Отырыста жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады.
Нұр-Султанда кәсіпорын қызметі біртіндеп жаңартылады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!