Алматыда 15 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 15 адам түгелдей медицина саласының мамандары.
08:07 13.04.2020
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
«Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар. Жалпы, екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар», - делінген хабарламада.
Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!