{metadescription}
Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс-тестілеуден өту басталады

Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс-тестілеуден өту басталады

13 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады.

Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, тестілеуден өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнаманы толтыру керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді жүргізеді; бұдан әрі бекітілген тізімдер "ОЛИМП"клиникалық-диагностикалық зертханасына жіберіледі.

Бекітілген тізімдегі пациентке  байланыс орталығының операторы хабарласып,  қабылдау пунктінің мекен-жайын, келу уақыты, келушілерге қойылатын талаптар және талдауларды тапсыру кезіндегі тәртіп ережелері туралы ақпарат береді.

Оператор көрсеткен емдеу бөлмесіне бетперде киіп, жеке куәлікпен, кешікпей келу керек;

Кезекте пациенттер арасындағы қашықтық 1,5 - 2 метр болуы керек;

Процедуралық кабинетте тіркеуден өту керек, содан кейін коронавирусқа экспресс-тестілеу алынады;

Талдау нәтижесі сауалнаманы тіркеу кезінде көрсетілген поштаға келеді.

"Пациенттерге температураны жанаспай өлшеу жүргізіледі, жоғары көрсеткіштер болған жағдайда талдау жүргізілмейді", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігінде.

Оператордың шақыруынсыз емдеу кабинетіне өз бетінше келуге болмайды. Айта кетейік, экспресс-тестілеу арнайы бөлінген емдеу бөлмелерінде ғана өткізіледі, басқа орындарда талдау жүргізілмейді.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.