{metadescription}
Алматыда үй өртеніп, екі адам мерт болды

Алматыда үй өртеніп, екі адам мерт болды

Алматыда Медеу ауданында жеке үй өртеніп, салдарынан екі адам қаза болды.

Өрт сөндіру қызметіне Сазановская көшесіндегі № 68 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар сағат 21:08 – де түскен.

«Өрт сөндіру бөлімі өрт шыққан жерден 1,5 км қашықтықта орналасқан. Сондықтан алғашқы бригада 5 минутта жетті. Осы уақытта үй отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты. Олар 1998 жылы туған ер адам және 1989 жылы туған әйел адам», – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Екеуіде бірден дәрігерлердің қолына табысталғанмен, аман алып қалу мүмкін болмады. Өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде