{metadescription}
Студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма

Студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма

Жұмыс істеп табыс тауып жүрген студенттер де 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала алады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол - еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, студенттердің басым көпшілігі оқу процесіне кедергі келмейтін уақытта жұмыс істеп жүр.

«Егер ресми түрде жұмыс істесеңіз, өтінішті жұмыс берушіңіз береді. Жеке кәсіпкер болсаңыз, өзіңіз жібересіз. Ал ақша тауып жүріп, төтенше жағдайға байланысты кірістен айырылып қалсаңыз, өтініш берген кезде тиісті белгіні қойып, бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, ала аласыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.