{metadescription}
Түркістан облысында бір үйдің 6 адамы коронавирус жұқтырды

Түркістан облысында бір үйдің 6 адамы коронавирус жұқтырды

Қазақстан бойынша 13 сәуір күні тіркелген коронавирус індетін жұқтырушылар жайлы мәліметтер.

Түркістан облысы тіркелген 7 жағдай бойынша.

"Коронавирус инфекциясын бір отбасының 1965, 1987, 1989, 1998, 2004 және 2010 жылғы мүшелерінің жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы Арыс қаласының Наурыз ықшам ауданының тұрғындары", - делінген ресми хабарламада. 

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылының 1987 жылы туылған тұрғыны COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болған. Қазіргі уақытта емделушілер оқшауланып, ем алады. Науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде