Сауда орталықтар, дәмханалар мен мейрамханалар қашан ашылады
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия ТЖ кезінде жұмысын бастай алатын ШОБ кәсіпорындарын анықтайды.
13:06 13.04.2020
Бұл туралы Жедел штаб хабарлайды. Бүгін жұмысты қайта бастауға рұқсат берілетін кәсіпорындардың тізімін бекіту үшін Мемлекеттік комиссия отырысы өтеді. Қызметін қайта қолға алуға рұқсат берілетін Нұр-Сұлтан мен Алматының кәсіпкерлеріне карантин тәртібін сақтауға тура келеді.
Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін олар санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына қатаң бағынуы қажет. Сонымен қатар, кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары