{metadescription}
ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты

ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған әйел туралы ақпарат берді.  

Басқарма басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 1979 жылғы әйел – Өскемен қаласының тұрғыны. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы жетінші жағдай ретінде анықталды, яғни марқұм бұған дейін коронавирус жұқтырушы ретінде тіркелмеген.

Оны 12 сәуірде провизорлық стационарға жеткізген. Сол кезде бірден коронавирусқа сынама алынған. Корытындысы оң нәтиже берді. Ауруханаға түскенде жағдайы нашар болған. Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясының 973 жағдайы тіркеліп, 11 адам қайтыс болды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде