{metadescription}
Зейнеткерлерге 42 500 теңге төлене ме

Зейнеткерлерге 42 500 теңге төлене ме

Төтенше жағдайға дейін жұмыс істемеген зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар әлеуметтік төлем алмайды.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Сіздерге мемлекеттің тарапынан ай сайын зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді. Олар төтенше жағдайға байланысты тоқтаған жоқ. Қайта мөлшері артып жатыр, индексация жасалды. Оны мамыр айында көбейген мөлшерде аласыздар. Сондықтан кешірім сұраймыз, бірақ сіздер бұл төлемге ие бола алмайсыздар», - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Oның айтуынша, зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген көпбалалы аналар, мүгедек жандар төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, онда бұл ескеріледі.

«Иә, сіздер зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері көп болмағандықтан қосымша табыс табамыз деп жұмыс істегенсіздер. Сіздерге - болады. Сіздер өтініштеріңізді бересіздер. Қосымша ештеңе төлемеңіздер. Төтенше жағдайға дейін төлеген болсаңыздар, біз оны көреміз. Жасыңызға қарамай, жәрдемақы алғаныңызға және басқаларына қарамай әлеуметтік төлем береміз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде