{metadescription}
Қазақстанда коронавирустан 100-адам жазылып шықты

Қазақстанда коронавирустан 100-адам жазылып шықты

Ол 82 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Ол 82 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 22 наурызда КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа екі жақты полисегментарлы пневмония. 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3 дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел. Идиопатиялық подагра.Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды. Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді»- деп жазды министр Facebook парақшасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде