{metadescription}
42500 теңгені өлгендердің атынан да өтініш берген

42500 теңгені өлгендердің атынан да өтініш берген

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында 42 500 теңгеге қатысты өтініштердің не үшін тексеріліп жатқанына қатысты пікір білдірді. 

"Барлығы да"Неге өтініштер өте ұзақ қаралады?" деп айтып жатыр. Министр ретінде сіздерден кешірім сұрағым келеді. Бірақ мұның кешірімді себебі бар. Осы уақытқа дейін бізге 4 миллион 900 мың өтініш келіп түсті, біз оларды қарастырып үлгермей жатырмыз.  Олардың арасында қайталанғаны да бар. Біреулер, тіпті, қайтыс болған адамның атынан не болмаса шетелге көшіп кеткендердің атынан бергендер де бар. 378 осындай өтініш түскен. Қазір біз алдымызға өтініштерді қарауға үш күн жұмсаймыз деп жоспарлап отырмыз, өйткені бұл үдеріске үш мекеме қатысып жатыр. Біріншісі - ол әлеуметтік сақтандыру қоры, екіншісі - "Азаматтарға арналған үкімет" және үшіншісі еңбек министрлігі сіздердің өтінімдеріңізді тексеруде", - деді министр. 

Бұған қоса шенеунік азаматтардың өтінініш беруде жіберіп жатқан қателіктері барын алға тартты. 

"Бұл арада кейбіреулер жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) дұрыс көрсетпей жатыр. Оны дұрыс көрсетпесе, ондай адам жоқ деген сөз.  Сол себепті қате бергендерді кері қайтаруға мәжбүрміз. Бізге түскен өтініштерде 60 мыңнан астам адамның ЖСН-і дұрыс көрсетілмеген. Сонымен қатар, есепшоттар да дұрыс  көрсетілмей жатыр. Өтініш өз атында, есепшот өзгенің атында немесе бұрын жабылып қалған банктердің есепшоттарын көрсеткендер бар. Осындай мәселесі барлардың саны 83 мыңнан астам",- деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде