{metadescription}
Коронавирус эпидемиясының екінші толқыны қашан болатыны айтылды

Коронавирус эпидемиясының екінші толқыны қашан болатыны айтылды

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны қашан болатыны айтылды.

2020 жылдың қараша айында Қытайда коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін. Десек те ауқымдылығы жағынан аурудың жаппай таралуы әлдеқайда төмен болмақ. Мұндай болжамды Шанхайдың «Хуашань» ауруханасының сарапшылар тобының дәрігері Чжан Вэньхун мәлім етті. 

"Біздің болжауымызға сәйкес, эпидемиямының келесі толқыны қарашада болады", - дейді қытайлық маман. 

Сөзінше, математикалық зерттеулерге сәйкес адамзат инфекцияны жазға таман тоқтата алмады, себебі індет әлемнің әрбір аймақтарында таралып кетті. Сарапшы келесі ауру толқынының жағымсыз әсері айтарлықтай аз болатынын айтып кетті. Десек те оның сөзіне сүйенсек, Африканың кейбір мемлекеттерінде медицинаның дамымағандығанан оларға аурудың кесіренен үлкен қауіп төніп тұр.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде