{metadescription}
Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгеніне бір ай өтті

Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгеніне бір ай өтті

Елімізде төтенше жағдай режимі басталған сәттен бастап бір ай өтті. Осы кезеңде елімізде қандай өзгерістер болды?

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда Қазақстанда алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды. Екі қазақстандық елге Германиядан келген, ал КВИ-ға оң нәтиже берген тестіден кейін оларды Алматының жұқпалы аурулар стационарына жатқызған. Осыдан кейін республикада басқа елдермен шекаралар жабыла бастап, Қазақстанда адамдар көп жиналатын орындар жұмысын тоқтатты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен наурыз айынын 16-нан бастап коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты 15 сәуірге дейін созылатын төтенше жағдай режимі енгізілді. Осыған байланысты көптеген адамдарды қашықтан жұмыс режиміне ауыстырды. Біртіндеп қалаларда блокпосталар орнатыла бастады, қаланың өздері карантинге жабылды. Жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшті, ал оқушыларды жоспардан тыс демалысқа жіберді. Қарт адамдарға үйде қалуға кеңес береді.

25 Наурызда ақпарат министрі Дәурен Абаев алғашқы вирустан жазылған екі науқас туралы хабарлады.

26 наурызда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді. Белгілі болғандай, қайтыс болған 64 жылғы Акмола облысынын тұрғыны болған.

6 сәуірден бастап Оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылды. Қалада дезинфекция жүргізіліп, карантин режимінің сақталуын тәртіп сақшылары қадағалауда.

10 сәуірде республикада төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні 13 сәуірде елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 979 жағдайы тіркелген, 110 адам сауығып, 12 адам көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде