{metadescription}
Алматыдағы блок-бекетте көпбалалы ана жоғалып кетті

Алматыдағы блок-бекетте көпбалалы ана жоғалып кетті

Алматы хостелдерінің бірінде жұмыс істейтін Мариям Жұманова 7 сәуір күнінен бері табылмай жатыр.

Бұл туралы НеМолчи қозғалысының басшысы Дина Смаилова Facebook парақшасында жазды.

"НеМолчиKZ сенім телефонына 1985 жылы туған Мариям Жұманованың туысы хабарласып, оның 7 сәуірден бері табылмай жатқанын айтты. Қапшағай қаласында тұратын Марям Алматыдағы хостелдің бірінде жұмыс істейді. Сол күні ол жұмыстан шығып Қарасай ауданы Теректі ауылынадағы жеңгесіне бармақ болған. Алайда оны блок-бекеттен өткізбеген. Ол уатсап арқылы жеңгесімен сөйлескенде телефонының қуаты отырып жатқанын айтқан. 40 минут өткен соң жеңгесі ол күтіп тұрамын деген блок-бекетке келіп оны таба алмаған. Посттағы кезекшіден сұрағанда ол ұлты түрік ер адаммен кетіп қалғанын айтқан. "Бекеттен неге өктізбейсің" деп шу шығарған әйелді сонда тұрған кезекші видеоға түсіріп алған екен. Туысы оны бірден таныпты, бұл шамамен сағат 16.00 кезінде болған", - деп жазды Смаилова.

Алматы полициясы департаментінде болған оқиғаға түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, Жұманованың жоғалып кетуі туралы арыз полицияға 11 сәуірде келіп түскен. Жақын туыстары тәртіп сақшыларына 7 сәуірде жоғалып кеткенін және соңғы рет Алматы облысы Қарасай ауданының аумағындағы блок-бекетте көргенін айтты. 

Ақпаратқа сәйкес, жоғалған әйел қара былғары күртеше, қара көйлек, күлгін шалбар, қара жартылай етік киген. Шашы қара түсті, қысқа кесілген, бойы - 1,50 метр, салмағы - 50-55 килограмм.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде