{metadescription}
Алматыда жоғалып кеткен көпбалалы ана мас күйінде табылды

Алматыда жоғалып кеткен көпбалалы ана мас күйінде табылды

Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 35 жастағы әйел құрбысының үйінен, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында табылды.

«Әйел мас болған. Жеті баласы туралы ойламаған сияқты. Бес күн бойы отбасына неге қоңырау шалмады деген сұраққа телефоны сынып қалғанын айтып ақталды. Бұл себеп емес, жауапсыз адамның қылығы. Бес күн бойы полиция болып, қоғам болып әйелді іздестірген болатын», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, әйелді бірнеше күн бойы туыстары мен достары іздеп келген еді. Олар көп балалы ананың қаладағы бақылау-өткізу пункттерінің бірінде із-түссіз жоғалып кетті деп мәлімдеген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде