Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысының су қоймаларында 3 адам суға батып кетті
Қарағанды облысының су айдындарында үш балықшы суға кетті, тағы бір адамды төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері құтқарып, жағаға жеткізді.
08:40 14.04.2020
12 сәуірде Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде Қылыш су қоймасында жергілікті тұрғындар 1989 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Сол күні Ақтоғай ауданы Ақөлең ауылынан 4 шақырым жерде Балқаш көлінен жергілікті тұрғындар 1994 және 1993 жылы туған екі балықшының мәйітін судан шығарды. Екі жағдайда да балықшылар суға жеке құтқару құралдарынсыз шықққаны анықталды.
Сағат 22:10-да Абай ауданында Дубовка ауылының маңында Соқыр өзені арқылы өтпекші болған ер адам жағаға жетпей, өзеннің ортасында қалып қойған. Ер адам өз бетімен жағалауға жете алмағандықтан, оны төтенше жағдайлар саласыың қызметкерлері құтқарған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram