{metadescription}
Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

Құрлықтық Қытайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңадан 89 жағдайы анықталды, өлім саны тіркелген жоқ.

Бұл ретте індетке шалдыққан 86 адам шетелден келген. Коронавирусты елге сырттан әкелу жағдайларының жалпы саны 1,4 мыңнан асты. Қазіргі кезде 905 адам емделіп жатыр, 37 пациент ауыр халде. Бұдан басқа, соңғы тәулікте ауру белгілері болмаған 54 жаңа оқиға анықталды. Жалпы алғанда, 1 мыңнан астам адам медициналық бақылауда қалып отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да коронавирусқа шалдығудың барлығы 82 249 оқиғасы расталған, аурудан 3341 адам қайтыс болды, 77 738 адам жазылып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі кезде 1170 пациент медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр, 116 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай билігі COVID-19 індетіне қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берген. Ол клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ.

Бұл вакцинаны тиісті сынақтардан өткізуге лицензияны Ухань биологиялық препараттарды зерттеу институты мен Бейжіңдегі Sinovac R&D ғылыми-зерттеу компаниясы берді. Еске сала кетейік, Қытайда вакциналар бес бағыт бойынша әзірлену үстінде: нуклеин қышқылдары негізіндегі ген-инженерлік вакцина, инактивтелген вакцина, қайта ұйымдастырылған ақуыздар негізіндегі вакцина, рекомбинантты аденовирустық вектор негізіндегі вакцина және тұмауға қарсы тірі вакцина. Бұған дейін жаңа типтегі коронавирусқа қарсы рекомбинатты аденовирустық вектор негізіндегі вакцинаны клиникалық зерттеу үшін тиісті рұқсатты ҚХР Әскери-медициналық академиясы алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде