Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда көз жұмған ер адам үш күн бойы ауырған
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған адам туралы ақпарат таратты.
12:13 14.04.2020
Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, 1950 жылы туған ер адам 11 сәуірде жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілді. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.
"Туған-туыстары оның үш күн бойы ауырғанын айтқан. Дене қызуы 38 градус болды. Медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ал ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.
Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.
Коронавирусқа жасалған сынама оң нәтиже көрсетті. Аурулары қозып, тыныс алуы қиындады. Екі жақты полисегментарлы пневмония болды. 12 сәуірде оны инфекциялық стационарға ауыстырған. Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары