{metadescription}
Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастың кім екені белгілі болды

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастың кім екені белгілі болды

Шымкентте қауіпті вирустан қайтыс болған 58 жастағы ер адам – ауыр жүк көлігінің жүргізушісі.

11 сәуірде қаланың жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Науқас 14 сәуір таңғы сағат жетілер шамасында жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының 1962 жылғы тұрғыны. 11 сәуірде Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосібір" бағытымен жол жүріп бара жатқанда, ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жастағы ер адам инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Денсаулығының нашарлауына байланысты жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Ер адаммен жақын байланыста болған ұлы Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылды. Шымкентте осымен екінші адам індеттен көз жұмды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде