ТЖ кезінде марқұмның қырқы мен жылын беруге бола ма
Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды, қалалар мен облыстарда карантин жарияланған.
16:19 14.04.2020
Төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамның жетісін, қырқы мен жылын беру секілді рәсімдерді кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
"Біздің елде адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Бұл шариғаттың міндетті құлшығылы емес, бұл сауапты істер. Шариғатымызда төтенше жағдай кезінде мұндай шараларды кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, Алла қаласа, қырқын немесе басқа асты беруге болады", - деді бас мүфти онлайн брифингте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!