{metadescription}
Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазгидромет 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде