{metadescription}
Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

Қызылорда қаласының тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

13 сәуірде Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратына бірнеше адам жиналған. Олар әлеуметтік көмек тағайындалғандар тізімінде бар ма, жоқ па екенін білуге келген. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиналған адамдар тарай бастаған.

Алайда 27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған. Осыған байланысты ӘҚБтК - нің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде