Алматыда 218 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
Алматыда COVID-19 анықталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамдады құрайды.
15:17 15.04.2020
Оның 182-і Орталық қалалық клиниканың қызметкері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
"Соvid-19 вирусын жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамды құрайды", - деді Әбілдаев онлайн брифингте.
Соның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 маманы, Жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және №11, 32, 12 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.
"Мұның алдында екі медицина қызметкерінің жағдайы ауыр болатын. Бүгін беті бері қарады. Қазіргі таңда 25 әріптесіміздің жағдайы орташа. Ал қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық", - деді ол.
Орталық қалалық клиникалық ауруханада 215 пациент емделіп жатыр. Олар коронавирусқа анализ тапсырған. 18 науқастың індетке шалдыққаны анықталды. Бұған дейін дәл осы аурухананың бас дәрігері қызметінен кеткені хабарланған еді. Оған себеп – медицина қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыруы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!