Нұр-Сұлтанда 11 мекеме каратиннен алынды
Елордада денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды.
16:23 15.04.2020
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды.
"Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!