{metadescription}
Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 2 миллион теңге өтемақы ала ма?

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 2 миллион теңге өтемақы ала ма?

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне қарастырылған үстемеақыға қатысты түсінік берді.

«Жарлықта жұқпалы аурулар ауруханаларында және уақытша құрылған арнайы станционарларда жұмыс істейтін және коронавирус және олармен тығыз әрі ықтимал байланыста болған науқастармен тікелей жұмыс жасағандарға 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленуі керек (ауруды жұқтырған жағдайда). Бірақ, менің ойымша, дәрігерлік міндеттерін орындау кезінде медициналық ұйымдарда ауру жұқтырып алған барлық дәрігерлер комиссияның шешімімен өтемақы алуы керек», - деді Әбілдаев.

Айта кетсек, басқарма басшысы Алматыда 218 медицина қызметкерінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын мәлімдеген еді. 

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавируспен күрестегі дәрігерлерге төленетін төлем мөлшерін бекіткен болатын. Медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге, қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге біржолғы әлеуметтік төлем төленуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде