Елордада ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп көз жұмды
Елордада 63 жастағы ер адам көппәтерлі тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кетті.
17:57 15.04.2020
«1957 жылғы ер адамның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның зайыбының сөзіне қарағанда, 15 сәуір күні сағат 13:48 шамасында күйеуі 10 қабаттағы пәтердің терезесінен секірген», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Полиция департаменті қылмыстық іс аясында тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!