{metadescription}
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

Aлматыда бес тәулік бойы орташа ауа температурасы сегіз және одан да жоғары градуста болған жағдайда жылыту маусымы аяқталады.

Алматы қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жылу энергия кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин жылыту маусымы қашан аяқталатынын мәлім етті. Оның айтуынша, жылу ауа райына байланысты тоқтатылады.

«Алматыда бес тәулік бойы орташа ауа температурасы 8 және одан да жоғары градуста болған жағдайда жылыту маусымы аяқталады. Әкімдік соған орай қаулы шығарады. Карантин кезінде және қазіргідей ауа райында алматылықтарды жылусыз қалдыруға болмайды», - деді Ян Гирин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде