Павлодарда жатақхана тұрғындары дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасады
Павлодарда карантинге жабылған жатақхана тұрғындары медициналық қызметкерлерге пышақпен шабуыл жасады.
12:00 16.04.2020
Оқиға санитарлық дәрігерлер вирус жұқтырған көршісімен байланыс жасаған адамдарды анықтаған кезде болған.
"Әйелдің жанында тұрған туыстары алты адам ғана, оның ішінде балалар да бар. Бұл жатақханада тұратын басқа тұрғындарды есептемегендегі сан, мұнда бір тұрмыстық бөлмені пайдаланады, барлығы бірге тамақтанады, ыдысты бір раковинада жуады. Онда өте маңызды байланыс шеңбері болған. Жатақхананың оқшаулау үшін жағдайы жоқ. Науқаспен тығыз байланыста болған барлық адамды кеше белсенді шығарып, ауруханаға жатқызды. Бізге полицейлер көмектесті. Бұл жағдай мас адамдардың көп болғанынан күрделене түсті, тұрғындар кіммен қарым-қатынаста болғанын аутындан басс тартып, медициналық қызметкерлерді пышақпен қуып жіберген, онда не болмады десеңізші", - деді облыстың штаттан тыс эпидемиологы Сәуле Оспанова.
Ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар түні бойы жүргізілген. Жатақхананың барлық тұрғындарынан сынама алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!