{metadescription}
Тоқаев ұлттық банкті көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев ұлттық банкті көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық банктің орталық аппараты Алматыдан Нұр-Сұлтанға осы жылдың бірінші шілдесіне дейін көшуі керек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банкті Алматы қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы жарлыққа қол қойды. 

"Қазақстанның ұлттық банкіне 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұлттық банктің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды", - делінген жарлықта.

Ұлттық банктің Алматыдан елордаға көшірілетіні туралы бұған дейін айтылған болатын. Осы жылдың қаңтарынан Қазақстанның ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты. Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілсе, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкінің штатынан 500 адам ауысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде