{metadescription}
Түркістан облысында студент қызды сатпақ болған адам ұсталды

Түркістан облысында студент қызды сатпақ болған адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатпақшы болған  күдіктілерді қолға түсірді​.

13.04.2020 жылы Түркістан облыстық ПД-ға бір әйел кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы хабарлама келіп түсіпті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.​​​​​​

Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде  Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Кәмелет жасына толмаған қыз мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. ​​Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтады.

Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен  кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған.  Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​ Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде