{metadescription}
Нұр-Сұлтанда бір аудан қоршауға алынды

Нұр-Сұлтанда бір аудан қоршауға алынды

Карантин аймағында аудан тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді, аудан аумағына кіруге тыйым салынды.

Нұр-Сұлтанда Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелері квадратында тұрғын үй ауданы аумағында қатаң карантин режимі енгізілді. Бұл аумақта тоғыз үй карантинге алынды. Тиісті қаулыға 15 сәуірде астананың бас санитар дәрігері қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Карантин аймағында аудан тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді. Көшеге тек жұмысқа, дүкенге және дәріханаға бару үшін шығуға болады. Осы көшелерде тұратын тұрғындарға карантин аймағының аумағынан көлікпен шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, аудан аумағына кіруге де рұқсат жоқ.

Бұдан бөлек, жеке көлікпен тұрғын үй ауласынан және тұрағынан шығуға және кіруге тыйым салынды. Тек "Сергек" базасында тіркелген, жұмыстан анықтамасы бар адамдарға, қаланың шұғыл қызметтеріне, яғни, жедел жәрдем, полиция және өрт қызметіне рұқсат етіледі. Әкімдіктен атап өткендей, барлық шектеу уақытша және коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.