{metadescription}
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

COVID-19 дертімен ауыр сырқаттанған науқастарда неврологиялық белгілер пайда болады.

Олардың қатарында сана-сезім шатасуы мен бағыттан ауытқушылық белгілері бар. Коронавирус дертімен ауыратын науқастарда өкпенің көлемі кішірейіп, мидың қызметі нашарлайды. Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты,.

"Аталған дерттің ауыр түрін бастан өткерген жастар бұдан былай марафонға қатыса алмай, ал қарт адамдар баспалдаққа көтерілген кезде тыныс алудан зардап шегеді. Әрине, осы санаттағылардың бәрі емес", – дейді Баранова.

Сонымен қатар, профессордың айтуынша, коронавируспен ауыр сырқаттанған науқастарда неврологиялық белгілер пайда болады. Егде жастағы адамдарда сана-сезім шатасуы мен бағыттан ауытқушылық белгілері жиі кездеседі.

"Вирустың нейроқабыну жүргізу мүмкіндігі күмән тудырмайды. Оның қанша уақытқа созылатыны және қашан аяқталатыны да қазірше белгісіз. Өйткені, науқастар ауруханадан жазылып шықаннан кейін де, шаршау мен көз алдының тұманданатынын айтуда", – деді Анча Баранова.

Демек, адам сауығып, қалпына келгеннен кейін де аурудың салдары қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде